nҚатаю олигомерлердің функционалды
топтарының өзара немесе арнайы қосылған реагенттермен –
қатайтқыштармен химиялық әрекеттесуі нәтижесінде
жүреді. Қатаю механизмі олигомерлер мен қатайтқыштардың
құрылысына, процесс жағдайына байланысты және полимеризациялық,
поликонденсациялық немесе араласқан болуы мүмкін.
n Қатаюдың
екі сатысы бар. Біріншісінде қоспа макромолекулалардың үш
өлшемді торын түзуі салдарынан ерігіштігі мен аққыштығын
жоғалтады. Жүйе аққыштығын жоғалтып және сұйық
түрде қоймалжың күйге өту сәтін гель түзілу нүктесі деп атайды.
Қатайтқыш қосқаннан кейін қоспаның аққыштығы мен
өңделу қабілетін сақтаған уақыты
өмір сүру қабілеті деп атайды. Өмір сүру
қабілеті әдетте температура мен қатайтқыш мөлшері
артқанда төмендейді.
n Қатаюдың
екінші сатысында жүйе толығымен құрылымданады. Гель
түзілуден кейін қатаю жылдамдығы функционалды топтар толық
жоғалуынан және диффузиялық процестердің бірден тежелуінен,
қатайған полимердің сегментті қозғалғыштығының
төмендеуі салдарынан біртіндеп төмендейді.
n Қатаю
инициаторлары – бұл радикалыдқ полимерлену механизмі бойынша қатаю
процесінің инициаторлары қызметін атқаратын, бос радикалдар түзе
ыдырайтын қосылыстар.
n Катализаторлар
поликонденсация немесе иондық полимерлену механизмі бойынша қатайтқанда
олигомерлердің өзара немесе қатайтқыштармен
әрекеттесуін үдетеді. Олар үш өлшемді тор құрамына
енбейді, бірақ оның қасиеттеріне әсер ете отырып материалда қалады.